---
title: "Ақтөбеде үлескерлер 2,5 млрд теңгесінен айырылып, сан..."
description: "Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе..."
author: "orazali"
published: "2024-04-26T06:22:34+00:00"
modified: "2024-04-26T06:22:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-leskerler-2-5-mlrd-te-gesinen-ayyrylyp-san-so-yp-al-an-1004016"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-leskerler-2-5-mlrd-te-gesinen-ayyrylyp-san-so-yp-al-an-1004016/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбеде үлескерлер 2,5 млрд теңгесінен айырылып, сан...

> Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе...

*Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/857cd8c4ed501c07ad66d109c15b0c.jpg)

Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А. Ақтөбе қаласының 12-ші және Алтын Орда ықшамаудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің **2,5 млрд. **теңге қаражатын иемденген.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

Осыған орай, Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.

Ақтөбе облысының прокуратурасы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-leskerler-2-5-mlrd-te-gesinen-ayyrylyp-san-so-yp-al-an-1004016](https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-leskerler-2-5-mlrd-te-gesinen-ayyrylyp-san-so-yp-al-an-1004016)