---
title: "Ақтөбеде бес бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды"
description: "Ақтөбеде қызылшамен ауырған бес бала ауыр жағдайда аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалды...."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-17T07:11:40+00:00"
modified: "2024-01-17T07:11:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-bes-bala-auyr-zha-dayda-auruhana-a-zhat-yzyldy-999987"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-bes-bala-auyr-zha-dayda-auruhana-a-zhat-yzyldy-999987/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбеде бес бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды

> Ақтөбеде қызылшамен ауырған бес бала ауыр жағдайда аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалды....

Ақтөбеде қызылшамен ауырған бес бала ауыр жағдайда аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалды. Олардың бәрі - ата-анасы вакцинациядан бас тартқандар.

![Ақтөбеде бес бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/1334b516e844527f2d38d6ddaab9a7.jpg)

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев өңірдегі қызылша дертіне қатысты жағдай туралы айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дертке шалдыққандардың ең кішісі бес айлық екен. Дәрігерлер ауыр жағдайда жатқандардың бәрі екпе егілмегендер екенін жеткізді.

«Балалардың жасы – 10 ай, 5 ай, 6 ай, 2 жас 7 ай, 1 жас 4 ай. Олар екпе алмаған. Бас тартқан. Барлығының тыныс алуы ауырлаған. Ем барысында дұрысталу байқалып жатыр», – дейді Рүстем Исаев.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-bes-bala-auyr-zha-dayda-auruhana-a-zhat-yzyldy-999987](https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-bes-bala-auyr-zha-dayda-auruhana-a-zhat-yzyldy-999987)