---
title: "Ақтөбеде қалалық жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді"
description: "«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында Ақтөбе қаласы бойынша 2..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-14T03:40:00+00:00"
modified: "2015-07-31T03:41:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-alaly-zh-myspen-amtu-b-limini-yymdastyruymen-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tkizildi-524164"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-alaly-zh-myspen-amtu-b-limini-yymdastyruymen-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tkizildi-524164/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбеде қалалық жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

> «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында Ақтөбе қаласы бойынша 2...

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында Ақтөбе қаласы бойынша 2015 жылы халықты жұмыспен қамтуға арналған Кешенді жоспарына сәйкес мемлекеттік және салалық Бағдарламаларды тиімді және уақытылы орындау мақсатында инфестициялық жобаларды жүзеге асырушы мердігер мекемелердің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, аталған іс-шара ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 6 жұмыс берушіден құрылыс саласының мамандықтары бойынша 112 бос жұмыс орындары ұсынылды: прораб, дәнекерлеуші, монтаждаушы, тас қалаушы, сылақшы, электрик, жұмысшы және т.б.

Жәрмеңкеге жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар шақырылды. Жыл басынан бері 6 жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде 135 адам жұмысқа орналастырылды.

2015 жылы мемлекеттік және салалық Бағдарламаларды орындау барысында 642 адамды жұмыспен қамту қарастырылған.

58 азамат жәрмеңкеге катысып, 33 адамға жұмысқа жолдама берілді. Нәтижесі апталық мерзімде белгілі болады.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының жұмыстарының тиімділігі көрініп тұр. Биылғы жылдың алғашқы жартысында орталыққа 4 мыңнан астам ісін енді бастаған және осыған дейін де кәсіпкерлікпен айналысып келген кәсіпкерлер қайырылған. Консультанттар мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша «жалғыз терезе» қағидаты арқылы 8 мың 400-ден астам қызмет көрсеткен. Бұл сандардың артында жүздеген шешілген проблемалар мен мәселелер жатыр.

Тегін түрде 20-дан астам қызмет түрлері көрсетілуде, олардың арасында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, бизнестің дамуына қолдау көрсету, кәсіпкерлік негіздеріне үйрету сияқты мәселелер бар.

Мәлім болғаны, Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасында аудандық орталықтардың 29 консультанты үшін 29 семинар ұйымдастырылды.

«Біз кәсіпкерлерді оларға кәсіпкерлік қызметінің субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламалары жөнінде түсіндіру мақсатында жинадық. Бұл олардың жұмсытарының тиімділігін арттырып, ақпарат алмасу үшін қажет. Мұнда олар, «Даму» ауыл шаруашылығы саласын қолдау қоры мен «ҚазАгро» сияқты ұйымдар мен мемлекеттік орган өкілдеріне өздерін толғандырған сауалдарды қойып, тиісті жауаптар алды. Олар аталған орган өкілдерімен бірлесіп, жүйелі түрде қалыптасқан мәселелердің шешу жолдарын іздестірді. Бұл тек семинар және ақпарат алмасу ғана емес, бұл сонымен қатар диалог»,-деді ҰКП-ның сервистік қолдау көрсет бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23712/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-alaly-zh-myspen-amtu-b-limini-yymdastyruymen-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tkizildi-524164](https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-alaly-zh-myspen-amtu-b-limini-yymdastyruymen-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tkizildi-524164)