---
title: "Ақтөбе облысының әкімі бейнежазба жариялады"
description: "Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желісінде өңірдегі қазіргі қалыптасқан жағдай..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-02-09T03:46:47+00:00"
modified: "2024-02-09T03:46:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-be-oblysyny-kimi-beynezhazba-zhariyalady-1000909"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-be-oblysyny-kimi-beynezhazba-zhariyalady-1000909/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбе облысының әкімі бейнежазба жариялады

> Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желісінде өңірдегі қазіргі қалыптасқан жағдай...

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желісінде өңірдегі қазіргі қалыптасқан жағдай туралы бейнежазба жариялады.

![Ақтөбе облысының әкімі бейнежазба жариялады](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/f354e90f7d31d78e1b697ac93e01e8.jpg)

8 ақпандағы жағдай бойынша 7 республикалық және 7 облыстық маңызы бар автожолдар жабық.

«Апаттық-құтқару жұмыстарына 46 полиция жасағы, төтенше жағдай, әскери бөлімдер мен жергілікті атқарушы органдардан 81 бірлік техника, 211 жеке құрам тартылды. Облыстың 8 ауданының орталығында, яғни Қарғалы, Қобда, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Байғанин, Мәртөк аудандарында 11 жылыту пункті ашылды, онда 427 адам, оның ішінде 18 әйел және 20 бала орналастырылды. 8 автобус қар құрсауынан шығарылып, 157 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды және жақын жердегі жылыту пункттеріне жеткізілді. Полиция трассалардағы 50-ден астам автокөлікті құтқарды», - деді Асхат Шахаров.

Бейнежазба соңында өңір басшысы сын сағатта күндіз-түні қолдау көрсетіп, жолдағы азаматтарға барынша қол ұшын созып жатқан мейірімді жандарға, волонтерларға алғыс айтып, баршаны орын алған жағдайларға түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырды.

«Біз әрқашан біргеміз. Амандықта болайық», - деп сөзін түйіндеді Асхат Шахаров.

aqtobe_oblysy_akimdigi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-be-oblysyny-kimi-beynezhazba-zhariyalady-1000909](https://yvision.kz/kk/post/a-t-be-oblysyny-kimi-beynezhazba-zhariyalady-1000909)