---
title: "Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты"
description: "Ақтөбе облысында жол апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген. Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-06T07:18:57+00:00"
modified: "2024-03-06T07:18:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-be-oblysynda-zhol-apatynan-8-adam-aza-tapty-1001952"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-be-oblysynda-zhol-apatynan-8-adam-aza-tapty-1001952/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

> Ақтөбе облысында жол апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген. Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі...

*Ақтөбе облысында жол апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/9f9e82cd47ea6b026a0dd790457324.jpg)

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген.

Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев.

Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.

Қазіргі кезде олардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-be-oblysynda-zhol-apatynan-8-adam-aza-tapty-1001952](https://yvision.kz/kk/post/a-t-be-oblysynda-zhol-apatynan-8-adam-aza-tapty-1001952)