---
title: "Ақсу қаласындағы «Пик-Ник»"
description: "«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай «Жас Отан» ЖҚ Ақсу қалалық бөлімшесі мен «Евроазиатты..."
author: "pof-zhas_otan"
published: "2016-04-18T06:15:36+00:00"
modified: "2016-04-18T06:29:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-su-alasynda-y-pik-nik-689658"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-su-alasynda-y-pik-nik-689658/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақсу қаласындағы «Пик-Ник»

> «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай «Жас Отан» ЖҚ Ақсу қалалық бөлімшесі мен «Евроазиатты...

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай «Жас Отан» ЖҚ Ақсу қалалық бөлімшесі мен «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Пик-Ник» атты жас таланаттар байқауы өтті. Аталмыш шара 16 нөмірден құралды.

![Ақсу қаласындағы «Пик-Ник»](http://storage.yvision.kz/images/user/pof-zhas_otan/XE21R8WxFa1DumVy1fY77v1r3DFiX1.jpg)

Барлық қатысушылар барын салып өнерлерін көрсеткенімен, олардың ішінен ең мықтылары іріктеліп таңдалды.Бұл байқауда жас өнерпаздан ән айтып, би билеп қана қоймай, рэп оқып, темір адам биімен де дұйым жұртты тамсандыртты.Шарада барлығы 5 әділқазы барша қатысушыларға әділ бағаларын берді.

Байқауды тамашалауға, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары – Светлана Гладышева, «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары – Айдос Оразалин, «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ вице-президенті – Татьяна Носачева мен кәсіподақ төрағасы - Сергей Тимошенко келді.

![Ақсу қаласындағы «Пик-Ник»](http://storage.yvision.kz/images/user/pof-zhas_otan/M21hehFHy6g8tUd554K5nX84nvIqh1.jpg)

Жарыс қорытындысы бойынша гран-при жүлдесі мен 50.000 (елу мың теңге) ақшалай сыйды «Джангл» би тобы қанжығасына байласа, ән айтып көрермен ілтипатына иелене жүлделі 1-орын мен ақшалай 10.000 (он мың теңге) – Александра Павленкоға бұйырды. Оған қоса табандары жерге тиместен би билеп, дұйым жұртты дүр сілкіндіре, жүлделі 1-орын мен ақшалай 10.000 (он мың теңге) – «Экшн» би тобы қанжығасына байлады.Және де кішкентай балғындардан құралған «Бейбис» пен «Виктория» топтарының бишілері де назардан тыс қалған жоқ. Олардың әрқайсысы 5.000 (бес мың теңге)-ден ақшалай сый мен тәтті торттарға ие болды.Байқау соңында, баршалары аталмыш жайттарға аса зор септігін тигізген - «Жас Отан» ЖҚ Ақсу қалалық бөлімшесі басшысы – Гүлназ Салтанова мен «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жастар кеңесінің басты мүшесі – Шерали Қабдынасыровқа зор алғыстарын білдірді.

![Ақсу қаласындағы «Пик-Ник»](http://storage.yvision.kz/images/user/pof-zhas_otan/72aOL9dnCv4SaQiNMgH7G4BtYlbq15.jpg)

![Ақсу қаласындағы «Пик-Ник»](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/pof-zhas_otan/2MBoLAga2qfC0N5K8d8561qrQML5L5.jpg)

![Ақсу қаласындағы «Пик-Ник»](http://storage.yvision.kz/images/user/pof-zhas_otan/4UPUOfd7z86okIlfk889IA5Qdhe40T.jpg)

«Пик-Ник» атты шара өте қызықты және жоғары деңгейде өтті. Барша көрермен бұл байқаудан күш-қуат алып, зор қуанышқа бөленді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-su-alasynda-y-pik-nik-689658](https://yvision.kz/kk/post/a-su-alasynda-y-pik-nik-689658)