---
title: "А.Соловьева облыстық арнайы мониторингтік және мобильді тобының лекторлық құрам мүшелерімен кездесті"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-06-10T12:59:33+00:00"
modified: "2019-06-10T12:59:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-soloveva-oblysty-arnayy-monitoringtik-zh-ne-mobildi-tobyny-lektorly-ram-m-shelerimen-kezdesti-834215"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-soloveva-oblysty-arnayy-monitoringtik-zh-ne-mobildi-tobyny-lektorly-ram-m-shelerimen-kezdesti-834215/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# А.Соловьева облыстық арнайы мониторингтік және мобильді тобының лекторлық құрам мүшелерімен кездесті

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының төрайымы А.Соловьева Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды.

Жұмыс сапары барысында 2019 жылдың 7 маусымдаоблыстық арнайы мониторингтік тобының және «Парасыз болашаққа. Бірге!» (В будущее без взяток. Вместе!) ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының лекторлық құрамы мүшелерімен, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Өз кезегінде Айгүл Соловьевақоғамдағы арнайы мониторингтік топтарының қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин облыстық арнайы мониторингтік тобының және «Парасыз болашаққа. Бірге!» (В будущее без взяток. Вместе!) ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының топ лекторлық топ мүшелерімен атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Шара барысында мониторингтік тобының жәнемобильді тобының лекторлық құрамы мүшелері өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-soloveva-oblysty-arnayy-monitoringtik-zh-ne-mobildi-tobyny-lektorly-ram-m-shelerimen-kezdesti-834215](https://yvision.kz/kk/post/a-soloveva-oblysty-arnayy-monitoringtik-zh-ne-mobildi-tobyny-lektorly-ram-m-shelerimen-kezdesti-834215)