---
title: "А.Соловьева «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлерімен кездесіп жұмысымен танысты"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-06-10T12:47:59+00:00"
modified: "2019-06-10T12:47:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-soloveva-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-yzmetkerlerimen-kezdesip-zh-mysymen-tanysty-834209"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-soloveva-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-yzmetkerlerimen-kezdesip-zh-mysymen-tanysty-834209/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# А.Соловьева «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлерімен кездесіп жұмысымен танысты

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының төрайымы А.Соловьева Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды.

Жұмыс сапары барысында 2019 жылдың 7 маусымда «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлерімен, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Өз кезегінде Айгүл Соловьева «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жобалық кеңсе қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиева, жоба аясында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Шара барысында жобалық кеңсе қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-soloveva-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-yzmetkerlerimen-kezdesip-zh-mysymen-tanysty-834209](https://yvision.kz/kk/post/a-soloveva-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-yzmetkerlerimen-kezdesip-zh-mysymen-tanysty-834209)