---
title: "АҚШ-та шие ағаштары гүлдеді"
description: "Америка Құрама Штаттарында ақпан айы жылда суық болатын. Ал биылғы температура былтырғыдан өзгере..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-02-23T23:45:23+00:00"
modified: "2012-02-23T23:45:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-sh-ta-shie-a-ashtary-g-ldedi-228555"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-sh-ta-shie-a-ashtary-g-ldedi-228555/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АҚШ-та шие ағаштары гүлдеді

> Америка Құрама Штаттарында ақпан айы жылда суық болатын. Ал биылғы температура былтырғыдан өзгере...

Америка Құрама Штаттарында ақпан айы жылда суық болатын. Ал биылғы температура былтырғыдан өзгерек. Вашингтон аймағында сынап бағанасы қазір +20 градустан төмендемей тұр. Сондықтан, жергілікті тұрғындар далада көктемде киетін киіммен жүр. Мұндай құбылысты елдің шығыс жағалауындағы көптеген қалаларда байқауға болады. Шие ағаштары гүлдеп, ел жазғытұрым уақытқа ерте жеткеніне өте қуанышты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-sh-ta-shie-a-ashtary-g-ldedi-228555](https://yvision.kz/kk/post/a-sh-ta-shie-a-ashtary-g-ldedi-228555)