---
title: "« АҢСАР-2015» республикалық жыр байқауы"
description: "Жақында, «Алдаспан» жас ақындар клубының белді мүшелері Замира Солтанова, Мереке Амантай, Ахмет Ах..."
author: "CRMI"
published: "2015-11-03T00:15:07+00:00"
modified: "2015-11-03T00:15:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-sar-2015-respublikaly-zhyr-bay-auy-633937"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-sar-2015-respublikaly-zhyr-bay-auy-633937/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# « АҢСАР-2015» республикалық жыр байқауы

> Жақында, «Алдаспан» жас ақындар клубының белді мүшелері Замира Солтанова, Мереке Амантай, Ахмет Ах...

Жақында, «Алдаспан» жас ақындар клубының белді мүшелері Замира Солтанова, Мереке Амантай, Ахмет Ахмади және Бәкіжан Кәкім Астана қаласында өткен **«Аңсар-2015»** республикалық әдеби жыр байқауының салтанатты жабылуына барып қайтты.

![« АҢСАР-2015» республикалық жыр байқауы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/y5Rnrr4kjJe5tOXnR33fGrIr7FCAPg.jpg)

«Иновациялық даму» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан халқының отбасылық құндылықтары мен салт-жоралары» атты семинарына жас ақындар қатысып, ерекше алғырлық таныта білді. Аталмыш семинардың негізгі мақсаты, ұлттық салт – жораларды дәріптеу және ата-баба ізімен келе жатқан ұрпақтың тәлім-тәрбиесін қамтамассыздандыру.

![« АҢСАР-2015» республикалық жыр байқауы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Y5af10r7ngIJ0Rbk9zV3o5y6y739nU.jpg)

Жыл қортындысы бойынша, жас ақындар клубының мүшесі Бәкіжан Кәкімнің өлеңдері **«Аңсар-2015»** жыр жинағына енді және осы жолы республикалық **«Тележурналистика»** байқауында клуб мүшесі Замира Солтанова 1- орын иеленді. Сонымен қатар, клубымыздың жас ақын қызы, Мереке Амантай «Журналистика мен бұқаралық коммуникацияның өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өз баяндамасымен «Бас жүлдеге» ие болды.

 

**Солтанова Замира Жас ақындар клубының мүшесі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-sar-2015-respublikaly-zhyr-bay-auy-633937](https://yvision.kz/kk/post/a-sar-2015-respublikaly-zhyr-bay-auy-633937)