---
title: "А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы"
description: "2015 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық со..."
author: "sko_sud"
published: "2015-03-11T00:30:23+00:00"
modified: "2015-03-11T00:40:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-s-dzhanunc-a-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481076"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-s-dzhanunc-a-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481076/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы

> 2015 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық со...

![А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/b7Ws87Ll8y6Q4KxfAFSjTv3u7qoJpb.jpg)

2015 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында Петропавл қалалық сотының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы үкімімен ҚР ҚК 103 бабы 1 тармағы бойынша 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыруға сотталған А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталған үкіммен А.С. Джанунц Петропавл қаласында 2014 жылғы 30 сәуірде М. Магаевтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Қылмыс бұрынға жақтырмаушылық қарым-қатынастан туындаған жанжал кезінде жасалған. Ұрыс барысында екі қатысушы да өздерінде болған пышақтарын пайдаланып, бір-біріне денсаулықтарына аса ауыр зиян келтірген жарақат салған. Бұдан бұрын сипатталған оқиға бойынша 2014 жылғы 6 қарашада үкім шағарылған, оған сәйкес М. Магаев А.С. Джанунцтың денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сотталған А.С. Джанунцтың адвокатының қорғалушыны ақтау туралы өтініші бар апелляциялық шағым бойынша істі қарау кезінде сот алқасы А.С. Джанунцтың іс-әрекетінде қажетті қорғаныстың белгілерін көрмей үкімді күшінде қалдырды. Сонымен қатар, тергеу органдары жіберген процессуалдық заң бұзушылықтарға байланысты облыстық ІІБ және облыс прокуратурасы басшылығының мекенжайына жеке қаулы шығарды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-s-dzhanunc-a-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481076](https://yvision.kz/kk/post/a-s-dzhanunc-a-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481076)