---
title: "Ақпараттық керуен СҚО арқылы жүріп өтті"
description: "Жастар қауымына ұлттық құндылықтарымызды, қазақ тарихын, мәдени мұраларын насихаттауды мұрат еткен ж..."
author: "zhurnalistka_ast"
published: "2019-07-22T09:05:07+00:00"
modified: "2019-07-22T09:07:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-paratty-keruen-s-o-ar-yly-zh-rip-tti-836693"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-paratty-keruen-s-o-ar-yly-zh-rip-tti-836693/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақпараттық керуен СҚО арқылы жүріп өтті

> Жастар қауымына ұлттық құндылықтарымызды, қазақ тарихын, мәдени мұраларын насихаттауды мұрат еткен ж...

Жастар қауымына ұлттық құндылықтарымызды, қазақ тарихын, мәдени мұраларын насихаттауды мұрат еткен жоба тұлға болып қалыптасуда жол көрсетуді қалайды. Игі шараға жиналған жастар қауымына түрлі этномәдени бірлестік өкілдері, мәдениет қайраткерлері шеберлік сағаттарын өткізді. Атап өтетін болсақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясының жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев өз баяндамасында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Айта кететін жайт, Тимур Жұмырбаев – Қазақстан Халқы Ассамблеясының ең жас мүшесі. Сондай-ақ, ақпараттық керуенге Қазақстан Халқы ассамблеясының "Жаңғыру жолы" Республикалық жастар қозғалысының төраға орынбасары Роксана Орынбасарова қатысты. Белла шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйеніп, ауыл мектептерін жетілдіруге қатысты көп еңбек атқарған.Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еріктілер клубының төрайымы Лилия Гизатуллина еріктілер ұйымы атынан сөз сөйледі. Лилия СҚО бойынша еріктілер ұйымының көшбасшысы бола отырып, қазіргі замандағы еріктілердің жұмысының маңыздылығы мен «әлеуметтік лифт» туралы баяндап берді. Сонымен қатар, «Ерікті деген кім» деген сұраққа жауап берді. ​СҚО әкімі аппаратының қоғамдық келісім КММ жетекшісінің орынбасары Богдан Петров баяндама жасады. Жас кәсіпкер Данил Аганин де жиналған жастармен өз тәжірибесімен бөлісті.Айта кететін жайт, ақпараттық керуен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» әлеуметтік жобасының мұрындық болуымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ грантын іске асыру аясында қолға алынып отыр. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың, Тимирязев аудандарына тоқтаған ақпараттық керуен сапарын әрі қарай жалғастырады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-paratty-keruen-s-o-ar-yly-zh-rip-tti-836693](https://yvision.kz/kk/post/a-paratty-keruen-s-o-ar-yly-zh-rip-tti-836693)