---
title: "Ақпаратты БАҚ-на жариялау үшін"
description: "Ақпаратты БАҚ-на жариялау үшін Қарағанды қаласының ІІБ Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция..."
author: "krgdvd"
published: "2014-09-26T05:22:04+00:00"
modified: "2014-09-26T05:22:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-paratty-ba-na-zhariyalau-shin-431311"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-paratty-ba-na-zhariyalau-shin-431311/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақпаратты БАҚ-на жариялау үшін

> Ақпаратты БАҚ-на жариялау үшін Қарағанды қаласының ІІБ Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция...

Ақпаратты БАҚ-на жариялау үшін

Қарағанды қаласының ІІБ Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен өткен тәулікте із түссіз жоғалып кеткен жасөспірім баланың өліміне күдікті ұсталды.

2014 жылдың 25 қыркүйегінде қаламыздың 45 жастағы тұрғыны өзінің пәтерінен белгісіз біреудін қара күзен тонды ұрлап кеткені жайлы арызданған. Сол күні ішкі істер органдарына 11 жасар ұлының із-түссіз жоғалғаны жайлы қайта арызданады.

26 қыркүйек күні жедел іздестіру шаралары барысында 2003 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған Леон Серікбаев және еш жерде жұмыс істемейтін 20 жасар Жаңаарқа ауданының тұрғыны қолға түсті. Тергеу барысында анықталғандай 20 жасар күдікті пәтерден қымбат бағалы тонды ұрлау кезінде сол үйде жүрген кәмелеттік жасқа толмаған баланы ала кетіп, кейіннен пышақ жарақатын салып, тұншықтырып өлтіріп із қалдырмас үшін баланы дәретхана шұңқырына көміп кеткендігін мойындады. Сонымен қатар, күдікті жәбірленушінің туысқаны екендігі анықталып отыр.

Қазіргі кезде ұсталған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты БАҚ-на жариялау үшін

Қарағанды қаласының ІІБ Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен өткен тәулікте із түссіз жоғалып кеткен жасөспірім баланың өліміне күдікті ұсталды. 2014 жылдың 25 қыркүйегінде қаламыздың 45 жастағы тұрғыны өзінің пәтерінен белгісіз біреудін қара күзен тонды ұрлап кеткені жайлы арызданған. Сол күні ішкі істер органдарына 11 жасар ұлының із-түссіз жоғалғаны жайлы қайта арызданады.26 қыркүйек күні жедел іздестіру шаралары барысында 2003 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған Леон Серікбаев және еш жерде жұмыс істемейтін 20 жасар Жаңаарқа ауданының тұрғыны қолға түсті. Тергеу барысында анықталғандай 20 жасар күдікті пәтерден қымбат бағалы тонды ұрлау кезінде сол үйде жүрген кәмелеттік жасқа толмаған баланы ала кетіп, кейіннен пышақ жарақатын салып, тұншықтырып өлтіріп із қалдырмас үшін баланы дәретхана шұңқырына көміп кеткендігін мойындады. Сонымен қатар, күдікті жәбірленушінің туысқаны екендігі анықталып отыр.Қазіргі кезде ұсталған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-paratty-ba-na-zhariyalau-shin-431311](https://yvision.kz/kk/post/a-paratty-ba-na-zhariyalau-shin-431311)