---
title: "А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Елбасы Жолдауын жүзеге асыру ісіне қосылуға әзір"
description: "А.ж. 7 ақпанда Департамент басшысының оынбасары Е.Жайықбаев мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақст..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-02-09T21:27:35+00:00"
modified: "2017-02-09T21:27:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-myrzahmetov-atynda-y-k-kshetau-universiteti-elbasy-zholdauyn-zh-zege-asyru-isine-osylu-a-zir-755038"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-myrzahmetov-atynda-y-k-kshetau-universiteti-elbasy-zholdauyn-zh-zege-asyru-isine-osylu-a-zir-755038/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Елбасы Жолдауын жүзеге асыру ісіне қосылуға әзір

> А.ж. 7 ақпанда Департамент басшысының оынбасары Е.Жайықбаев мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақст...

А.ж. 7 ақпанда Департамент басшысының оынбасары Е.Жайықбаев мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 ж. 31 қаңтардағы Жолдауы арқылы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің I, II және III курс студенттерімен кездесті. Кездесу Ақмола облысының жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды және оған Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Т.Ысқақов қатысты.

Конституциялық реформалар – бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға және дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың логикалық жалғасы. Бұл – «дөңгелек үстел» басына жиналған спикерлердің басты тезисі.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауының бағыттарытуралы пікірлерімен бөлісе отырып, Е. Жайықбаев қоғамның барлық өкілдері күштерін біріктірген жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді болатынын атап өтті.

Сөз бастаушы кездесуді «Үшінші жаңғыру ағымдағы жаһандық сын-қатерлермен және дүниежүзілік дағдарыспен күресудің жоспары емес, бұл – әлемнің мейілінше дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін қазіргі заманды келешекпен байланыстыратын сенімді көпір», – деп қорытындылады.

Кездесуге қатысушылар конституциялық реформалардың тұрмыстың барлық салаларына оң оң ықпал ететініндігіне сенімдерін білдіріп, өздерінің қолдауларын көрсетті.

Шараға 131 адам қатысты.

![](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/styles/news_300x224/public/news/na_sayt_42.jpg?itok=r4MU5Whx)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-myrzahmetov-atynda-y-k-kshetau-universiteti-elbasy-zholdauyn-zh-zege-asyru-isine-osylu-a-zir-755038](https://yvision.kz/kk/post/a-myrzahmetov-atynda-y-k-kshetau-universiteti-elbasy-zholdauyn-zh-zege-asyru-isine-osylu-a-zir-755038)