---
title: "Ақмолалықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың жаңа деңгейіне көшуде"
description: "А.ж. 21-29 қыркүйегі аралығында Департамент басшылығы Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-10-02T01:10:09+00:00"
modified: "2016-10-02T01:10:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-molaly-tar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-minez-ly-ty-zha-a-de-geyine-k-shude-715388"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-molaly-tar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-minez-ly-ty-zha-a-de-geyine-k-shude-715388/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмолалықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың жаңа деңгейіне көшуде

> А.ж. 21-29 қыркүйегі аралығында Департамент басшылығы Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті...

А.ж. 21-29 қыркүйегі аралығында Департамент басшылығы Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбындағы диалог алаңдарын өткізді.

Іс-шараларға мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес, діни, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Диалог алаңдарын өткізудің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа құқықтық, рухани-адамгершілік шаралармен ықпал етуді қолдану арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың негізгі мазмұнын тек қана құқықық емес, рухани-адамгершілік тұрғыдан да тыйым салынатын көрініс ретінде ашу.

Сұхбат алаңының қосалқы спикерлері ретінде облыстың барлық аудандарының және облыс орталығының үкіметтік емес, діни, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйледі.

Диалог алаңдарының қатысушыларының ұсыныстарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша әрі қарай бірлесіп әрекет жасауқажеттігі жөнінде шешім қабылдады.

Іс-шараларға 620-дан астам ақмолалық тұрғын қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_46.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-molaly-tar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-minez-ly-ty-zha-a-de-geyine-k-shude-715388](https://yvision.kz/kk/post/a-molaly-tar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-minez-ly-ty-zha-a-de-geyine-k-shude-715388)