---
title: "Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды"
description: "Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды. «Облыстық ІІД арнайы бөлімшес..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-23T00:37:40+00:00"
modified: "2014-10-23T00:37:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-molaly-d-uren-nazarov-oyan-olty-rystan-lem-chempiony-atandy-435363"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-molaly-d-uren-nazarov-oyan-olty-rystan-lem-chempiony-atandy-435363/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

> Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды. «Облыстық ІІД арнайы бөлімшес...

[!\[Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141022195455-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141022195455.jpg) Ақмолалық Дәурен Назаров қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды. «Облыстық ІІД арнайы бөлімшесінде қызмет істейтін полиция лейтенанты Дәурен Назаров 55 салмақта Әлем чемпионы атанды. Турнир қазанның 16-21 күндері Перудің Лима қаласында өтіп, оған 17 елдің спортшысы қатысты», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен. «Бұл жолғы турнир оңай болған жоқ. Соған қарамастан, үздіксіз жүргізген жаттығу мен жеңіске деген ерік-жігер мені чемпиондық атаққа жетеледі. Турнирде Ресей, Колумбия елдерінен келген қарсыластарым мықты болды. Ең қиын жекпе-жектерім де осылармен өтті», — дейді Әлем чемпионы.

Автор: [Аслан Оспанов](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/889)

Басты сөздер: [Ақмола облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/252) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-molaly-d-uren-nazarov-oyan-olty-rystan-lem-chempiony-atandy-435363](https://yvision.kz/kk/post/a-molaly-d-uren-nazarov-oyan-olty-rystan-lem-chempiony-atandy-435363)