---
title: "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының қызметкерлеріне семинар өткізілді"
description: "25 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметк..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-26T03:12:19+00:00"
modified: "2016-07-26T03:12:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-zherdi-paydalanyluy-men-or-aluyn-ba-ylau-bas-armasyny-yzmetkerlerine-seminar-tkizild-704022"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-zherdi-paydalanyluy-men-or-aluyn-ba-ylau-bas-armasyny-yzmetkerlerine-seminar-tkizild-704022/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының қызметкерлеріне семинар өткізілді

> 25 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметк...

25 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ.Х. Уажановпен Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында семинар өткізілді.

Кездесу барысында департамент өкілі басқарма қызметкерлеріне 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың түйін бағыттары және негізгі тәсілдері, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының негізгі жаңалықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, ішкі және сыртқы жемқорлық тәуекелдерін талдауын өткізу қағидаларын жеткізді.

Сөз сөйлеуінің екінші бөлімінде, Қ.Х. Уажанов семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі аспектілері, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынастарда, қызметтен тыс уақытта, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мінез-құлық стандарттары туралы жеткізді.

Семинар барысында қойылған сауалдардың бәріне Департамент қызметкері толық жауап берді.

![Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының қызметкерлеріне семинар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/uETH8728LVF7oGyl4I7o0eX9mGhAOf.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-zherdi-paydalanyluy-men-or-aluyn-ba-ylau-bas-armasyny-yzmetkerlerine-seminar-tkizild-704022](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-zherdi-paydalanyluy-men-or-aluyn-ba-ylau-bas-armasyny-yzmetkerlerine-seminar-tkizild-704022)