---
title: "Ақмола облысының жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті"
description: "А.ж. 25 қарашасында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-11-26T00:40:05+00:00"
modified: "2016-11-26T00:40:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-zhas-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesu-tti-730454"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-zhas-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesu-tti-730454/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысының жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті

> А.ж. 25 қарашасында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ...

А.ж. 25 қарашасында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департементімен мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан жас қызметшілермен дәстүрлі кездесу ұйымдастырылды. Кездесу диалог түрінде өтті. Модератор ретінде Департаменттің басшысы Б.Беспалинов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар алдында мемлекеттік қызметтің ардагері М.Құлмағамбетов, ЖҚҰ «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубының мүшесі А.Құрманғожин баяндама жасады.

Б.Беспалинов меритократия принциптерін күшейтуге, үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауды жетілдіруге бағытталған мемлекеттік қызмет жүйесін модернизациялау туралы және мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі туралы айтып берді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті реформалау, оның оң имиджін нығайтудағы жастардың атқаратын ролі тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қоса, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын зерттеу үшін, қызметке алғаш рет орналасқан тұлғалардың мониторингін жүргізу мақсатында кездесуге қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.

Іс-шарамен 62 адам қамтылды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/20161125_154843.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-zhas-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesu-tti-730454](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-zhas-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesu-tti-730454)