---
title: "Ақмола облысының ветеринария басқармасында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы"
description: "Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-01-17T07:03:46+00:00"
modified: "2017-01-17T07:03:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-veterinariya-bas-armasynda-memlekettik-yzmetshilerdi-attestaciyasy-zhayly-749383"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-veterinariya-bas-armasynda-memlekettik-yzmetshilerdi-attestaciyasy-zhayly-749383/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысының ветеринария басқармасында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

> Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Атамбаеваның қатысуымен Ақмола облысының ветеринария басқармасында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырылды.Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 25 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/i_102.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-veterinariya-bas-armasynda-memlekettik-yzmetshilerdi-attestaciyasy-zhayly-749383](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-veterinariya-bas-armasynda-memlekettik-yzmetshilerdi-attestaciyasy-zhayly-749383)