---
title: "Ақмола облысының Статистика департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"
description: "Ағымдағы жылдың 7 маусымындаДепартаменттің бас маманы М. Сабуров Ақмола облысының Статистика департа..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-06-09T01:40:59+00:00"
modified: "2017-06-09T01:40:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-statistika-departamentinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-769470"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-statistika-departamentinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-769470/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысының Статистика департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

> Ағымдағы жылдың 7 маусымындаДепартаменттің бас маманы М. Сабуров Ақмола облысының Статистика департа...

Ағымдағы жылдың 7 маусымындаДепартаменттің бас маманы М. Сабуров Ақмола облысының Статистика департаментінде *(Бұдан әрі – Департамент)* «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің жұмысына Департаментінің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Семинар-кеңеске 50-дан астам адам қатысты. ![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/izobrazhenie_008.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-statistika-departamentinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-769470](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-statistika-departamentinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-769470)