---
title: "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізілді"
description: "А.ж 1 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-09-03T02:11:54+00:00"
modified: "2016-09-03T02:11:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-memlekettik-s-ulet-rylys-ba-ylau-bas-armasyny-yzmetkerlerimen-seminar-tkizildi-710216"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-memlekettik-s-ulet-rylys-ba-ylau-bas-armasyny-yzmetkerlerimen-seminar-tkizildi-710216/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізілді

> А.ж 1 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қ...

А.ж 1 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында семинар өткізді.

Кездесу барысында департаменттің өкілі Қазақстан Қеспубликасының

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының негізгі бағыттары мен түйінді тұстарын түсіндірді.

Өзінің сөйлеген сөзінде Департамент қызметкері Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмауға бағытталған тиімді шаралар туралы айтты.

Іс-шара соңында сауалнама жүргізілді.

Семинарға 15 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_25.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-memlekettik-s-ulet-rylys-ba-ylau-bas-armasyny-yzmetkerlerimen-seminar-tkizildi-710216](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-memlekettik-s-ulet-rylys-ba-ylau-bas-armasyny-yzmetkerlerimen-seminar-tkizildi-710216)