---
title: "Ақмола облысының Әділет департаментіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмысы"
description: "А.ж. 8 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қы..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-09-09T07:38:29+00:00"
modified: "2016-09-09T07:38:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-dilet-departamentindegi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-a-artu-zh-mysy-711307"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-dilet-departamentindegi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-a-artu-zh-mysy-711307/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысының Әділет департаментіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмысы

> А.ж. 8 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қы...

А.ж. 8 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының Әділет департаментінде өткізілген диалог алаңына қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтары, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының новеллалары туралы әңгіме өрбіді.

Департамент қызметкері жиналғандарды Стратегияның негізгі бағыттарымен таныстырды, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі шаралары жөнінде түсініктеме берді, а.ж. 1-жартыжылдығында Әділет департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындылары жарияланды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге неғұрлым бейімделген салалар аталды.

Кездесудің соңында Әділет департаментінің қызметкерлері өздерін қызықтырған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қатысты қойылған сауалдарына толық жауап алды.

Іс-шараға 40 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/styles/news_300x224/public/news/dsc_0272.jpg?itok=-MnqU7_3)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-dilet-departamentindegi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-a-artu-zh-mysy-711307](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-dilet-departamentindegi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-a-artu-zh-mysy-711307)