---
title: "Ақмола облысының алты аудан активтерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша аумақтық семинар-кеңес өтті"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2015-05-14T22:21:14+00:00"
modified: "2015-05-14T22:21:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-alty-audan-aktivterini-atysuymen-memlekettik-yzmet-tkeru-men-sybaylas-zhem-orly-a-ar-501310"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-alty-audan-aktivterini-atysuymen-memlekettik-yzmet-tkeru-men-sybaylas-zhem-orly-a-ar-501310/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысының алты аудан активтерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша аумақтық семинар-кеңес өтті

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай – Департамент ) 2015 жылдың төрт айлық қызмет қорытындысы бойынша, а.ж. 30 сәуірінде Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында Бурабай ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасына қарасты Бурабай, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Еңбекшілдер аудандарымен Степногорск қаласының активтерінің қатысуымен аумақтық семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты Департаменттің 2015 жылдың 4 айы ішінде атқарған қызметін қорытындылап, халықтың мемлекеттік институттарға сенімін арттыруға бағытталған, мемлекеттік органдардың басымды бағыттарын айқындап, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға, сонымен қатар жемқорлықтың алдын-алуға азаматтық қоғамдық институттарды кеңінен тарту болып табылды.

Нәтижесінде семинар барысында мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтін сапасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саясаттың нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдістер жайлы сындарлы диалог өтті.

Жоғарыда көрсетілген аудандардың, ауыл округтері әкімдері мен олардың орынбасары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудандық ҮЕҰ-дың, ЖҚБ-нің, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарының өкілдері және басқа да семинар-кеңеске қатысушылар жаппай Департамент ұсынған «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонды қолдады, аталмыш марафон а.ж. екінші тоқсанының соңында өз бастауын алады.

Келесі шығыс ауданаралық семинар-кеңес Атбасар қаласында Атбасар, Астрахан, Егіндыкөл, Есіл, Жақсы, Жарқайын аудандары активтерінің қатысуымен өтеді.

![Ақмола облысының алты аудан активтерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша аумақтық семинар-кеңес өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/4r8TltgH8xdAx29oY5OQq9cvKOM7GO.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-alty-audan-aktivterini-atysuymen-memlekettik-yzmet-tkeru-men-sybaylas-zhem-orly-a-ar-501310](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysyny-alty-audan-aktivterini-atysuymen-memlekettik-yzmet-tkeru-men-sybaylas-zhem-orly-a-ar-501310)