---
title: "Ақмола облысында туризм серпінді дамып келеді"
description: "Облыстың туристік кластері туризм индустриясының 700 нысанымен ұсынылған, оның 32-і өткен жылы енгіз..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2019-06-15T16:24:07+00:00"
modified: "2019-06-15T16:24:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-turizm-serpindi-damyp-keledi-834591"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-turizm-serpindi-damyp-keledi-834591/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысында туризм серпінді дамып келеді

> Облыстың туристік кластері туризм индустриясының 700 нысанымен ұсынылған, оның 32-і өткен жылы енгіз...

Облыстың туристік кластері туризм индустриясының 700 нысанымен ұсынылған, оның 32-і өткен жылы енгізілген.

«Zerenda Park» кешені тек отандық туристердің ғана емес, сондай-ақ шетелдік туристердің де көңілінен шықты.

Зеренді ауылының бірегей географиялық орналасуы және табиғи ландшафтардың алуан түрлілігі туризмнің әр түрін дамытуға мүмкіндік береді. Зеренді ауданы да бай тарихи мұраға ие. Мәдени-тарихи сегмент әртүрлі ескерткіштермен (Уали хан, Бөгенбай би, Косағалы батырдың мазарлары, қола дәуірінің жерлеу алаңдары және т.б.) ұсынылған.

«Үш жыл бұрын біз барлық сауықтыру алаңдарын талдадық, барлық артықшылықтар мен саралап келіп, Зеренді көлінің жағалауында жаңа нысан салу туралы шешім қабылдадық. Бірте-бірте біздің жоспарларымыз жүзеге аса бастады. Бүгінгі күні Зеренді саябағы - үш жұлдызды қонақ үй мәртебесі бар кешен», - дейді кәсіпкер Ансат Исатаев.

Болашақта кешен аумағында Ақмола облысында теңдесі жоқ экстремалды туризмге жағдай жасауды жоспарлап отыр. Экстремалды жүргізуді сүйетіндер үшін жолдар ATV-лерге, круиздік мотоциклдерге және карт-трекке кедергілермен жасалатын болады. Бұл жобаны іске асыру Зеренді ауданында туристік кластерді одан әрі дамытуға қуатты серпін береді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-turizm-serpindi-damyp-keledi-834591](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-turizm-serpindi-damyp-keledi-834591)