---
title: "Ақмола облысында семинар-кеңес өтті"
description: "Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Ақмола облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет і..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-04-02T03:01:59+00:00"
modified: "2016-04-02T03:01:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-seminar-ke-es-tti-686969"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-seminar-ke-es-tti-686969/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысында семинар-кеңес өтті

> Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Ақмола облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет і...

![Ақмола облысында семинар-кеңес өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/d32ViAf6u844S8ayk24Ms3a94RiDt2.jpg)

![Ақмола облысында семинар-кеңес өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/54S3tBSwrc0PTBXot2Zx2xjhiySLiD.jpg)

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Ақмола облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлық қатерлерді азайту» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинардың жұмысына облыстың мемлекеттік мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары қатысты.

Семинар барысында 2 баяндама тыңдалды, сыбайлас жемқорлық мониторингі және сыбайлас жемқорлық қатерлерді талдау арқылы алдын алу шараларын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге бағытталған жұмыстың тетіктері мен ұсыныстары көрсетілді. Семинарда ішкі, сыртқы сыбайлас жемқорлық қатерлер мен Ұлттық баяндамаға түсініктемелер берілді. Қатысқандар жұмыстың негізгі ұстанымдарымен танысты.

Сонымен қатар, сындарлы сұхбат барысында Департаменттің өкілдері семинарға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға толық қамтылған жауаптар берілді.

Семинарға қатысқандар «Сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтардан қорғау» тақырыбындағы кітапшалар таратылды.

![Ақмола облысында семинар-кеңес өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/zYOjO7ilKv30984Wq2mXvL956VxY66.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-seminar-ke-es-tti-686969](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-seminar-ke-es-tti-686969)