---
title: "Ақмола облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті"
description: "А.ж. 30 наурызында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Мемлекеттік қызмет істері және сы..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-03-30T08:07:19+00:00"
modified: "2017-03-30T08:12:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tti-761870"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tti-761870/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

> А.ж. 30 наурызында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Мемлекеттік қызмет істері және сы...

А.ж. 30 наурызында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен (бұдан әрі – Департамент) бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу үшін Департаментпен облыстың 26 мемлекеттік органының персоналды басқару өкілдері тартылды.

Іс-шараның пленарлық бөлімі барысында ЖОО-ның түлектерінің алдында Департамент басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев сөз сөйлеп, реформа жағдайында мемлекеттік қызметтің тәртібі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, персоналды басқару қызметтерінің өкілдерімен: «*Жұмысқа қайда бару керек?»* тақырыбында сұхбат алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараның аяғында түлектер мемлекеттік қызметте жетістіктерге жеткен өткен жылдардың түлектерімен кездесді.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0078.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tti-761870](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tti-761870)