---
title: "Ақмола облысында асырап алынған сәбидің сүйектері..."
description: "Ақмола облысында асырап алған немересін өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер әйел ұсталды. Бұл отбасы жалпы 5 жетімді асырап алған екен. Соның біреуі екі жасында көз жұмған. Бұл жағдай Щучье қаласында..."
author: "orazali"
published: "2024-04-23T04:54:00+00:00"
modified: "2024-04-23T04:54:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-asyrap-alyn-an-s-bidi-s-yekteri-tabyldy-1003851"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-asyrap-alyn-an-s-bidi-s-yekteri-tabyldy-1003851/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысында асырап алынған сәбидің сүйектері...

> Ақмола облысында асырап алған немересін өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер әйел ұсталды. Бұл отбасы жалпы 5 жетімді асырап алған екен. Соның біреуі екі жасында көз жұмған. Бұл жағдай Щучье қаласында...

*Ақмола облысында асырап алған немересін өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер әйел ұсталды. *

Бұл отбасы жалпы 5 жетімді асырап алған екен. Соның біреуі екі жасында көз жұмған. Бұл жағдай Щучье қаласында осыдан төрт жыл бұрын болыпты. Бірақ оны осы күнге дейін ешкім білмеген. Ал полицейлер баланың өлімі туралы кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізіліпті. Оған бас сүйегінің жарақаты, миы шайқалуы және қарақұсындағы қанды ісік диагнозы қойылған. Сол кезде өгей шеше асығыстықпен туу туралы куәлікті шатастырып алып келіпті.

Содан полициядағылар сезіктеніп, олардың үйіне барады. Дәл сол кезде құжаттардың иесі болған баланың қайтыс болғанына төрт жыл өткені анықталған. Оның денесін бақшағакөміп тастапты.

Қазір тергеушілер адам өлтіру мен ұрып-соғуға зейнеткердің 30 жастағы қызының қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Кей мәлімет бойынша, өлген сәби шетінегеннен кейін кейін асырап алынған. Асырап алынған балаларға жауапты мемлекеттік орган қызметкерлеріне де қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-asyrap-alyn-an-s-bidi-s-yekteri-tabyldy-1003851](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-asyrap-alyn-an-s-bidi-s-yekteri-tabyldy-1003851)