---
title: "Ақмола облысында «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өз бастауын алды"
description: "А.ж. 19 мамырында Көкшетау қаласында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» м..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2015-05-20T06:27:26+00:00"
modified: "2015-05-20T06:27:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-adal-zhol-chestnyy-put-oblysty-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafony-z-bastauyn-aldy-502869"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-adal-zhol-chestnyy-put-oblysty-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafony-z-bastauyn-aldy-502869/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысында «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өз бастауын алды

> А.ж. 19 мамырында Көкшетау қаласында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» м...

А.ж. 19 мамырында Көкшетау қаласында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны (әрі қарай - Марафон) өз бастауын алды, ол туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен ұйымдастырылған брифингте айтылды.

Іс-шараның спикері – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің Төрағасы Қ. Жапақов Марафонның басты мақсаты Ақмола облысы тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады деп атап өтті.

«Марафон барысында Көкшетау, Степногорск және облыстың 17 аудандарында ұйымдастырылып өткізілетін іс – шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзушілік деңгейін қалыптастыруға бағытталып, халықты кеңінен тарту арқылы жүзеге асырылатын болады» деп мәлімдеді Қ. Жапақов.

Іс-шарада аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдерінің орынбасарлары, республикалық, облыстық және аудандық БАҚ-ның өкілдері қатысты.

![Ақмола облысында «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өз бастауын алды](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/ckK1j7tmE42t3x6LxbS2bO8F95LT4m.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-adal-zhol-chestnyy-put-oblysty-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafony-z-bastauyn-aldy-502869](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-adal-zhol-chestnyy-put-oblysty-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafony-z-bastauyn-aldy-502869)