---
title: "Ақмола облысында 8 айдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 7%-ға ұлғайды"
description: "Ақмола облысының негізгі капиталының инвестиция көлемі 2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 7%-ғ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-20T07:34:00+00:00"
modified: "2016-09-30T04:39:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-8-aydy-orytyndysy-boyynsha-investiciya-k-lemi-7-a-l-aydy-713477"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-8-aydy-orytyndysy-boyynsha-investiciya-k-lemi-7-a-l-aydy-713477/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысында 8 айдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 7%-ға ұлғайды

> Ақмола облысының негізгі капиталының инвестиция көлемі 2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 7%-ғ...

Ақмола облысының негізгі капиталының инвестиция көлемі 2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 7%-ға ұлғайды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің облыстық мәслихат депутаттары алдында берген есебі барысында айтылды.

![Ақмола облысында 8 айдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 7%-ға ұлғайды](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/vb7wrH45XLtGSd09AByVIvPt0k8J0r.jpg)

Оның айтуы бойынша, өнеркәсіптік өнімдердің көлем индексі 104,2 пайызды құрады, ауыл шаруашылығы – 114,5 пайыз,құрылыс жұмыстары-107,1 пайызды құрады.

«Еңбек нарығында тұрақтылық қамтамасыз етілуде – қолданыстағы кәсіпорындарда жұмыс орындары сақталды, сонымен қатар облыста шамамен 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Тұтыну бағаларының индексі 104,1 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы 15% -ға өсті. Индустрияландыру картасы бойынша 77 млрд теңгенің 20 жаңа өндірісі пайдалануға берілді»,-деді әкім.

С.Кулагиннің айтуы бойынша, оң динамика шағын және орта бизнесте байқалады. Ағымдағы жылы кәсіпкерлік субъектілер 16 млрд теңге көлемінде қаржылық қолдау алды.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-8-aydy-orytyndysy-boyynsha-investiciya-k-lemi-7-a-l-aydy-713477](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysynda-8-aydy-orytyndysy-boyynsha-investiciya-k-lemi-7-a-l-aydy-713477)