---
title: "Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінде мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы"
description: "Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-01-30T01:28:26+00:00"
modified: "2017-01-30T01:28:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysy-boyynsha-tehnikaly-retteu-zh-ne-metrologiya-departamentinde-memlekettik-yzmetshilerdi--752883"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysy-boyynsha-tehnikaly-retteu-zh-ne-metrologiya-departamentinde-memlekettik-yzmetshilerdi--752883/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінде мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

> Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.Евниеваның қатысуымен Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне арнап 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды.

Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 3 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/img_0838.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysy-boyynsha-tehnikaly-retteu-zh-ne-metrologiya-departamentinde-memlekettik-yzmetshilerdi--752883](https://yvision.kz/kk/post/a-mola-oblysy-boyynsha-tehnikaly-retteu-zh-ne-metrologiya-departamentinde-memlekettik-yzmetshilerdi--752883)