---
title: "Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?"
description: "Бүгін біз Бекет Атаның туған жері Ақмешітке барып қайттық. Бекет Ата – ағартушы, көріпкел, әрі қаси..."
author: "kalaibalakai"
published: "2014-07-07T10:10:04+00:00"
modified: "2014-07-07T10:10:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-meshit-kieli-zherine-alay-tez-zhetuge-bolady-420443"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-meshit-kieli-zherine-alay-tez-zhetuge-bolady-420443/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?

> Бүгін біз Бекет Атаның туған жері Ақмешітке барып қайттық. Бекет Ата – ағартушы, көріпкел, әрі қаси...

Бүгін біз Бекет Атаның **туған жері** Ақмешітке барып қайттық. Бекет Ата – ағартушы, көріпкел, әрі қасиетті адам болған. Оның танымалдылығы сонша, тіпті есімі Қожа Ахмет Йассауимен қатар жүреді.

![Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/kalaibalakai/KQ1hp6GzgLSdIYlKE3PSPXjuKv146w.jpg)

Жалпы Атырау қаласынан Ақмешітке дейінгі жол ұзақ, әрі жайдақ екен.

![Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/kalaibalakai/zf0m8qsCYCZF5g2vDaE3WF5RpM0077.jpg)

Бұл елді мекенде бар жоғы 5 үй бар. Соған қарамастан, *газбен* және *жарықпен* қамтамасыз етілген. Жол жиегінде нұсқаулық белгілері кездеседі. Жергілікті тұрғындар осыған да тәубәшілік етуде. Қазақ болған соң, барға қанағат, жоққа сабыр етіп жүре береміз ғой.

![Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/kalaibalakai/Y4R3dl170kDW9g6rghsyZhPBhtKmPf.jpg)

![Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/kalaibalakai/bRpmyQLxFr2T2p8w2J0iKAOs4ExIsS.jpg)

![Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/kalaibalakai/R4gyC4SQL5xA4DGnSMr9xOAn8sJVO7.jpg)

Бұл жерде тікұшақ қонатын арнайы жер бар, ол алыстан келетін силы қонақтарға арналған. *Ал тікұшағы жоқтар ше?* Өкінішке орай оларға жағдай жасалмаған.

![Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/kalaibalakai/ac30NYF25jmVjvT4U36dU6kpX4HXoq.jpg)

Болашақта жағдай жақсарып, барар жолы жөнделетін болар.

![Ақмешіт киелі жеріне қалай тез жетуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/kalaibalakai/plQSIwRMRoI8aTj6J646afbWI8b8o1.jpg)

**Ескерту:** *Егер Бекет Ата басына барғыңыз келсе, алдымен оның ата – аналары жатқан жер, яғни Ақмешітке барған абзал.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-meshit-kieli-zherine-alay-tez-zhetuge-bolady-420443](https://yvision.kz/kk/post/a-meshit-kieli-zherine-alay-tez-zhetuge-bolady-420443)