---
title: "Ақ халатты абзал жанмен кездесу"
description: "Ақ халатты абзал жанмен кездесуБүгін ауданымызға белгілі дәрігер Мақсат Құрамшиннің қатысуымен онлай..."
author: "mangystau.mng.nurotan.kz"
published: "2020-11-20T06:14:42+00:00"
modified: "2020-11-20T06:14:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-halatty-abzal-zhanmen-kezdesu-876291"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-halatty-abzal-zhanmen-kezdesu-876291/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақ халатты абзал жанмен кездесу

> Ақ халатты абзал жанмен кездесуБүгін ауданымызға белгілі дәрігер Мақсат Құрамшиннің қатысуымен онлай...

Ақ халатты абзал жанмен кездесу

Бүгін ауданымызға белгілі дәрігер Мақсат Құрамшиннің қатысуымен онлайн режимінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді. Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Солардың бірі - ауданымызға белгілі оташы - Мақсат Құрамшин. Өз ісінің нағыз маманы, үлкен жүрегі және адал қызметі үшін елі оны үнемі елеп-ескеріп, бірнеше рет Маңғыстау облысының, аудандық "Құрмет грамотасымен" марапатталып, "Жыл дәрігері" атағына ие болды. 1988-1996 арасында Алматы мемлекеттік медицина институтын "Емдеу ісі" факультеті бойынша бітіріп, 1997 жылдары аудандық ауруханада оташы және оташы бөлімінің меңгеушісі қызметін атқарса, қазір аудандық емханада оташы және онколог болып қызмет атқаруда. 25 жылдан астам еңбек өтілі бар Мақсат Құрамшин: «Дәрігер – эксперт - бұл жан-жақты әрі қызықты жұмыс. Жас мамандарға көп жылдан бері жинаған тәжірибемді үйретіп келемін. Пациенттермен сөйлесіп ,медициналық қызметтің олқы тұстарын анықтаймын. Заман талабына орай медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға барынша үлесімді қосып жүрмін» ,-дейді. Әрине, осындай берері көп нағыз білікті маманның шәкірттері де осал болмасы анық.

Бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры- таймас биік тұлға.Сондықтан, тек ісімен ғана емес жүрегімен емдей білетін Мақсат Құрамшинұлы сияқты ақ халатты абзал жандарымыз көп болса екен деп тілейміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-halatty-abzal-zhanmen-kezdesu-876291](https://yvision.kz/kk/post/a-halatty-abzal-zhanmen-kezdesu-876291)