---
title: "«Ақ халатты абзал жандар»"
description: "Еліміздегі дәрігерлердің біліктілігі турасында өрбіген әңгімені бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» көрі..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-14T02:52:40+00:00"
modified: "2015-08-14T02:52:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-halatty-abzal-zhandar-529866"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-halatty-abzal-zhandar-529866/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ақ халатты абзал жандар»

> Еліміздегі дәрігерлердің біліктілігі турасында өрбіген әңгімені бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» көрі...

Еліміздегі дәрігерлердің біліктілігі турасында өрбіген әңгімені бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.

![«Ақ халатты абзал жандар»](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/7878kioyanY1znAo1VX6j67ncK5vg3.jpg)

Дәрігерлік мамандық – бұл ерлік. Ол өзіне құрбан болуды талап етеді, ойдың, ниеттің адал болуын қажет етеді. Дәрігер ой-санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болуы керек. Дәрігер болу үшін бейімділік, икемділік, қабілеттілік қасиеттері аздық етеді. Дәрігердің сондай-ақ, науқас адамның сенімін ала білуі, ол адамды өзінің ауруымен күрестіре білуі маңызды. Сырқат жандарға күшін ғана емес, жүрегін де жұмсай білуі қажет.

Біздің елдің дәрігерлерінің қазіргі ахуалы қалай? Ем-дом қалай жүргізілуде?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» осы мәселеге тоқталады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-halatty-abzal-zhandar-529866](https://yvision.kz/kk/post/a-halatty-abzal-zhandar-529866)