---
title: "А-дан Я-ға дейінгі сиқырлы хайуандар тізімі (Авгури/Augurey)"
description: "СИҚЫР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ (С.М.Ж.) Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөлімі барлық белгілі хайуанд..."
author: "Maksache"
published: "2016-11-07T15:32:32+00:00"
modified: "2016-11-07T19:21:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-dan-ya-a-deyingi-si-yrly-hayuandar-tizimi-avguri-augurey-724658"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-dan-ya-a-deyingi-si-yrly-hayuandar-tizimi-avguri-augurey-724658/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# А-дан Я-ға дейінгі сиқырлы хайуандар тізімі (Авгури/Augurey)

> СИҚЫР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ (С.М.Ж.) Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөлімі барлық белгілі хайуанд...

**СИҚЫР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ (С.М.Ж.)**

Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөлімі барлық белгілі хайуандар, жаратылыстар және аруақтарға жіктеме жасайды. Бұл жаратылыстың қауіптілік дәрежесі туралы жалпы түсінік алуға мүмкіндік береді. Төменде бес дәреже көрсетілген.

ХХХХХ – бәріне мәлім сиқыршыларды өлтіруші/ бағынбайды/ қолға үйретілмейді. *(немесе Хагридке ұнайтын кез келген хайуан)*

ХХХХ – қауіпті/ арнайы білімді қажет етеді/ тек тәжірибелі сиқыршы ғана бағындыра алады

ХХХ – шебер сиқыршы бағындыра алады

ХХ – қауіпсіз/ қолға үйретуге болады

Х – жалықтырғыш

Мен кейбір жағдайларда белгілі бір хайуанның неге дәл сол дәрежеге жатқызылғанын түсіндіру қажет деп пайымдадым. Сондықтан сәйкесінше ескерту жазбаларын жасап отырдым.

**А-дан Я-ға ДЕЙІНГІ СИҚЫРЛЫ ХАЙУАНДАР ТІЗІМІ**

АВГУРИ/ AUGUREY (Ирланд фениксі деген атпен де танымал)

![А-дан Я-ға дейінгі сиқырлы хайуандар тізімі (Авгури/Augurey)](https://storage.yvision.kz/images/user/maksache/RrBAyA0ckH6IuV31geA9Cqe9W6AYdZ.jpg)

С.М. жіктемесі: ХХ

Авгуридің отаны Британия мен Ирландия, дегенмен, оны кейде Солтүстік Еуропада да кездестіруге болады. Үнемі қайғылы кейіптегі жасылшаң қара түсті арық құс, түрі шала тамақтанатын күшігенге ұқсайды.

Ол жекеше өмір сүргенді қалайды. Тамшы тәріздес ұясын бүлдірген мен тікен бұталардың арасына салады, оның қорегі жәндіктер мен феялар. Тек нөсер жауында ғана ұшуға шығады, ал басқа уақыттары өз ұясында тығылып отырады. Авгуридің өзіне тән төмен, шұбалаңқы дауысы бар. Кезінде оның үні өлім болжайды деп есептелетін. Сиқыршылар оның жан түршігерлік үнін естуден қорыққандықтан, ұясынан аулақ жүруге тырысатын. Талай сиқыршылар тоғай ішімен келе жатқанда Авгуридің үрейлі зарын естіп, жүрегі тоқтап қалған деп айтады. (Әпенді Уриктің кемінде елу қолға үйретілген Авгурилер бар бөлмеде ұйқтағаны белгілі. Аса бір жаңбырлы қыстың түні әлгі Авгурилердің зарынан оянған Урик өліп, аруақ болып кеттім деп ойлаған екен. Одан кейінгі оның өз үйінің қабырғасы арқылы өтпек әрекеттерін өмірбаяншысы Рудольфус Питтиман "он күндік ми шайқалу" деп атаған). Дегенмен, тыңғылықты зерттеулер Авгурилердің тек жаңбыр жауар алдында ғана әуендететінін көрсетті (Гулливер Покебайдың "Неге мен Авгури зарлағанда өлмедім" атты еңбегін қараңыз, 1824, "Кішкентай қызыл кітаптар"). Содан бері олар үй ауа райы болжаушысы ретінде танымал бола бастаған, бірақ көбісі оның қыс айларындағы тоқтаусыз зарына шыдау мүмкін емес деп санайды. Авгуридің қауырсындарын кеңсе мақсаттарында пайдалану мүмкін емес, себебі оларға сия жұқпайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-dan-ya-a-deyingi-si-yrly-hayuandar-tizimi-avguri-augurey-724658](https://yvision.kz/kk/post/a-dan-ya-a-deyingi-si-yrly-hayuandar-tizimi-avguri-augurey-724658)