---
title: "А.Байгунысовтың құттықтауы"
description: "12 - Мамыр Халықаралық медбикелер күні!«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірі..."
author: "nurotan_nur.karatal"
published: "2021-05-12T09:38:23+00:00"
modified: "2021-05-12T09:38:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-baygunysovty-tty-tauy-934577"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-baygunysovty-tty-tauy-934577/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# А.Байгунысовтың құттықтауы

> 12 - Мамыр Халықаралық медбикелер күні!«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірі...

12 - Мамыр Халықаралық медбикелер күні!

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың құттықтауы.

Ардақты, ақ халатты, абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! «Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық». Бұл күн- құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі, ақ халатты абзал жандардың мерекесі.

Адам өміріне арашашы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-baygunysovty-tty-tauy-934577](https://yvision.kz/kk/post/a-baygunysovty-tty-tauy-934577)