---
title: "Ағайынды Қосшығұловтардың есіміне берілген Қосшы ауылы"
description: "Ағайынды Қосшығұловтар - Елорданың байырғы Қараөткел аталған кезіндегі тарихымен тығыз байланысты е..."
author: "KarakozT"
published: "2014-07-16T05:08:11+00:00"
modified: "2014-07-16T05:08:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-ayyndy-osshy-lovtardy-esimine-berilgen-osshy-auyly-421546"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-ayyndy-osshy-lovtardy-esimine-berilgen-osshy-auyly-421546/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ағайынды Қосшығұловтардың есіміне берілген Қосшы ауылы

> Ағайынды Қосшығұловтар - Елорданың байырғы Қараөткел аталған кезіндегі тарихымен тығыз байланысты е...

![Ағайынды Қосшығұловтардың есіміне берілген Қосшы ауылы](https://storage.yvision.kz/images/user/karakozt/HGL5UI9ixcgT0DXvY3HLpqAl2eo5RK.jpg)

Ағайынды Қосшығұловтар - Елорданың байырғы Қараөткел аталған кезіндегі тарихымен тығыз байланысты есімдер. Олар өздерінің туған шаһарларының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты: Қараөткелдегі ескі мешітті қалыпқа келтіру, сол кездегі тұңғыш кәсіпорын, кәмпит-тоқаш фабрикасын ашу, мұсылман жастары мектебін салу сынды көптеген игі бастамалардың басы-қасында жүрді. Бүгінде Қосшығұловтардың есімін еске салатын елді-мекен – Қосшы ауылы болып табылады. Аталмыш елді-мекеннің тарихымен «Өлкетану» бағдарламасында таныс болыңыздар! Құрманғали Қосшығұлов – Қара­өткелдің даңқын алысқа шы­­ғарған атақты көпес Баймұқамбет Қосшығұловтың үл­кен ұлы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-ayyndy-osshy-lovtardy-esimine-berilgen-osshy-auyly-421546](https://yvision.kz/kk/post/a-ayyndy-osshy-lovtardy-esimine-berilgen-osshy-auyly-421546)