---
title: "Аққайын ауданы Смирново ауылында «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы"
description: "Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтардың жұмыс кестесіне сәйкес а.ж. қырк..."
author: "finpolsko"
published: "2017-09-06T06:29:25+00:00"
modified: "2017-09-06T06:29:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-ayyn-audany-smirnovo-auylynda-parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-777865"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-ayyn-audany-smirnovo-auylynda-parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-777865/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аққайын ауданы Смирново ауылында «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы

> Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтардың жұмыс кестесіне сәйкес а.ж. қырк...

![Аққайын ауданы Смирново ауылында «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/GwPiy3xQ8UVFfeR6q2HKQD0A0H034x.jpg)

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтардың жұмыс кестесіне сәйкес а.ж. қыркүйек айынан бастап Аққайын ауданының тобы өз жұмысын бастады.

4 қыркүйекте Смирнов аул округінде ақпараттық кездесулер өтті. Топ мүшелері Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Смирнов интернат-үйінде, білім бөлімінде және Аққайын ауданы мәслихатының аппаратында кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен бірге қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындар аулдағы мемлекеттік органдардың жұмысына оң пікірлерін берді. Өтініш білдіргендерді мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу, анықтамаларды алу ережелері туралы сұрақтар қызықтырды. Барлық сұрақтарға түсіндірмелер берілді. Мобильді топтың жұмысы жалғасуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-ayyn-audany-smirnovo-auylynda-parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-777865](https://yvision.kz/kk/post/a-ayyn-audany-smirnovo-auylynda-parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-777865)