---
title: "Қағанат"
description: "\"Ас адамның арқауы\"- деген атам қазақ. Сол арқау болар асты екінін бірі нарық заманында көшедегі қо..."
author: "Creature"
published: "2015-03-09T07:33:38+00:00"
modified: "2015-03-09T07:33:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-anat-480481"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-anat-480481/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қағанат

> "Ас адамның арқауы"- деген атам қазақ. Сол арқау болар асты екінін бірі нарық заманында көшедегі қо...

![Қағанат](https://storage.yvision.kz/images/user/creature/0nGMBCM0n4kUzOBiO6dUxhLB8NHncC.jpg)

"Ас адамның арқауы"- деген атам қазақ. Сол арқау болар асты екінін бірі нарық заманында көшедегі қоғамдық тамақтану орындарынан, мейрамханалардан немесе асханалардан ішетіні баршаңызға мәлім. Сол тамақты ішкенімізге риза болып жүре береміз, ол тамақтың қалай жасалғаны, қандай еттен жасалғаны көпшілік жерде беймәлім болсада, Жаратқанға тәуекел етіп жеп жүрміз. Алматы қаласындағы көпшілікке қолжетімді асхананың бірі «Қағанат» баршаңызға танымал.Көпшілігіңіз сол жерден бұрын тамақ ішіп немесе қазірде ішіп жүрген шығарсыздар. Менде сол «Қағанаттын» тұрақты тамақтанушысы едім. Бірақ осыдан бір жұма бұрын, яғни 27.02.2015ж Орталық Стадиондағы «Қағанаттан» сүйікті асым палаудан сұмдық затқа тап болдым. Өздеріңіз көріп отқандай суретте палаудағы етте өсіп тұрған «ЖҮН». Бұл жерде сол бөлімше әкімшілігімен біраз талқыладық, тамағымды алып кетті дереу, суретке түсіріп үлгерген едім. Тамақ алғанымды растайтын түбіртегімді сұрап алып ақшамды қайтарып, кез-келген тамақты алып артынан тортпен шай ішіңіз деп өтінді, мұндай көріністен соң қайдағы тамақ ішуді айтып тұрғанын түсінбедім. Ақшаңызды қайтарам деп алып алған түбіртекті байқамай қоқысқа тастап жіберіппін деп алдаусыратты, оны да бермеді. Содан жоғарғы басқарушысының бірі (Менеджер) «Лаура» деген қыздың нөмірін беріп сол кісіге шартымды айттым. Қоғамдық тамақтану орнында тазалық қадағаланса екен, сол жөнінде үш күнде не шара қолданғаныңызды маған айтсаңыз, ешқайда хабарлама жасамаймын деп келістік. Бірақ ол кісіден еш хабар болмады, демек ешқандай шара болмады. Енді сіздерге айтарым «Қағанаттан» тамақ ішпеуге кеңес етемін, себебі аталған етті «СИЫР» еті деп айтты, сиыр терісі сапалы болғандықтан олай қалып кетуі мүмкін емес, бұл бір. Екіншіден аталған жүн сиырдікіне мүлдем ұқсамайды. Майда малдың етіндегі тері дейін десем ондағы жүн қылға ұқсас, ешкі еті дейін десем майы қатып тұрған жоқ. «Қағанат» аспазшылары «Сиыр» еті деп айтты. Бұл жерде менің ойыма алғаш келген осыдан екі, үш жыл бұрынғы: «Үш самса сатып алда, бір мысық құра» деген әңгіме есіме түсті. Бұл хабарламаны, барынша таратуларыңызды сұраймын достар. Әрбір ағзаға түскен харам зат, болашағымызға кері болатындықтан, сырттын тамағына көп әуес болмай үйдің асына асығайық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-anat-480481](https://yvision.kz/kk/post/a-anat-480481)