---
title: "99,6% – Ұлытау облысы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағында ҮЗДІК КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ!"
description: "Бүгін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу мақсатында өңірлік комиссия отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Стратег?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-10-13T09:55:27+00:00"
modified: "2025-10-13T09:55:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/99-6-ulytau-oblysy-ulttyk-auyl-sharuashylygy-sanagynda-uzdik-korsetkishke-ie-1017795"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/99-6-ulytau-oblysy-ulttyk-auyl-sharuashylygy-sanagynda-uzdik-korsetkishke-ie-1017795/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 99,6% – Ұлытау облысы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағында ҮЗДІК КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ!

> Бүгін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу мақсатында өңірлік комиссия отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Стратег?...

Бүгін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу мақсатында өңірлік комиссия отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Ә.С. Шәуенова қатысты.Комиссия отырысында облыстағы санақ жұмыстарының барысы баяндалды. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/418a526eb0c1f370a471c067f36172aa.jpg?width=405&height=720) Ә.С. Шәуенова өз сөзінде: "Өңір онлайн форматтағы қамту бойынша жоғары деңгей көрсетті – ұйымдастырылған шаруашылықтар арасында 99,6%, ал жеке және қосалқы шаруашылықтар арасында 48,2%. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі," – деп атап өтті.Санақ жұмыстарының тиімді жүргізілуі үшін облыс әкімдігі тарапынан бірқатар қолдау шаралары іске асырылуда:• ауылдық округ әкімдіктерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталып, интернетке қосылған компьютерлер қойылды;• тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында билбордтар, баннерлер, әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен жазбалар жарияланды;• қала және аудан әкімдіктері елді мекендерді аралау үшін автокөліктермен қамтамасыз етті;• кейбір аудандарда демеушілердің қолдауымен интервьюерлерге қосымша еңбекақы төленді;• Жезқазған қаласы бойынша интервьюерлерге тегін жол жүруге мүмкіндік беретін құжаттар дайындалды;• әкімдіктер тарапынан қосымша жұмыс күші тартылды;• елді мекендердің картографиялық материалдары дайындалып, бекітілді.Айта кету керек, жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы толық аяқталды. Бұл көрсеткіш өңірдің санақты ұйымдастырудағы жоғары деңгейін айқындайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/99-6-ulytau-oblysy-ulttyk-auyl-sharuashylygy-sanagynda-uzdik-korsetkishke-ie-1017795](https://yvision.kz/kk/post/99-6-ulytau-oblysy-ulttyk-auyl-sharuashylygy-sanagynda-uzdik-korsetkishke-ie-1017795)