---
title: "95,2% респондент сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлауға дайын"
description: "29 мамыр күні «Антикор орталығы» сервистік орталығында брифинг ұйымдастырылып, 2020 жылдың І тоқсаны..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-05-29T14:01:19+00:00"
modified: "2020-05-29T14:01:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/95-2-respondent-sybaylas-zhem-orly-faktilerin-habarlau-a-dayyn-858043"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/95-2-respondent-sybaylas-zhem-orly-faktilerin-habarlau-a-dayyn-858043/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 95,2% респондент сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлауға дайын

> 29 мамыр күні «Антикор орталығы» сервистік орталығында брифинг ұйымдастырылып, 2020 жылдың І тоқсаны...

29 мамыр күні «Антикор орталығы» сервистік орталығында брифинг ұйымдастырылып, 2020 жылдың І тоқсаны бойынша БҚО жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг нәтижелері баяндалды.

Мониторингте «БҚО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі» тақырыбында жүргізілген сауалнама қорытындылары туралы ақпараттандырылды.

Өңірдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау мақсатында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында облыс тұрғындары арасында әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Сауалнамаға 4637 респондент қатысып, жемқорлық деңгейі, жемқорлыққа және оның алдын алуға көзқарасы туралы сұрақтарға жауап берді.

Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 95,2%-ы немесе 4415-і сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде мемлекеттік органдардың басшылығына немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға дайын екенін көрсетті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат жеткізілді. Құқықтық статистика ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлық бойынша 5 тұлға сотталған, оның 4 лауазымы тұлға және 1 жеке тұлға.

Мониторинг қорытындысы жергілікті атқарушы органға тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/95-2-respondent-sybaylas-zhem-orly-faktilerin-habarlau-a-dayyn-858043](https://yvision.kz/kk/post/95-2-respondent-sybaylas-zhem-orly-faktilerin-habarlau-a-dayyn-858043)