---
title: "8 наурызда қазақстандықтар үш күн демалады"
description: "Наурыз айындағы мерекелерде қазақстандықтар сегіз күн демалады. Қазақстанда мемлекеттік мереке реті..."
author: "kazinform_kz"
published: "2015-03-04T22:46:31+00:00"
modified: "2015-03-04T22:46:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/8-nauryzda-aza-standy-tar-sh-k-n-demalady-478512"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/8-nauryzda-aza-standy-tar-sh-k-n-demalady-478512/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 8 наурызда қазақстандықтар үш күн демалады

> Наурыз айындағы мерекелерде қазақстандықтар сегіз күн демалады. Қазақстанда мемлекеттік мереке реті...

![8 наурызда қазақстандықтар үш күн демалады](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform/F7YZj8o95kghPP3wHX2R1gmTX82cWz.jpg)

Наурыз айындағы мерекелерде қазақстандықтар сегіз күн демалады.

Қазақстанда мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілетін Халықаралық әйелдер күнінде азаматтар үш күн - 7, 8 және 9 наурызда демалады. 8 наурыз жексенбі күніне түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі - 9 наурызға шегеріледі.

21-23 наурызда тойланатын Наурыз мейрамында қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында 5 күн демалатын болады.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» ҚР Заңына сәйкес мереке аптаның демалыс күндеріне дөп келсе, демалыс күні мейрам күнінен кейінгі жұмыс күніне шегеріледі.

**ҚазАқпарат**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/8-nauryzda-aza-standy-tar-sh-k-n-demalady-478512](https://yvision.kz/kk/post/8-nauryzda-aza-standy-tar-sh-k-n-demalady-478512)