---
title: "8 наурыз мерекесімен құттықтау"
description: "2019 жылы 7 наурызда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша де..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-03-13T05:11:44+00:00"
modified: "2019-03-13T05:11:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/8-nauryz-merekesimen-tty-tau-828200"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/8-nauryz-merekesimen-tty-tau-828200/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 8 наурыз мерекесімен құттықтау

> 2019 жылы 7 наурызда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша де...

2019 жылы 7 наурызда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің ер адамдары әйелдер қауымын келе жатқан жарқын, жылы және көктемгі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Департамент қызметкерлерінің басым бөлігі - әйелдер. Олар әр түрлі учаскелерде еңбек етеді, өз кәсіптерінің күрделілігі мен жауапкершілігінен ерлерден кем түспейді. Бірақ ең кереметі - олар тек толық беріліспен жұмыс істеуге ғана емес, сонымен қатар өз уақытын, күшін отбасы мен үйге қолдау мен махаббат сыйлауға үлгереді», - деп Департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков атап өтті.

Ер адамдар ұйымдастырылған спорттық іс-шаралармен, сондай-ақ тәтті тағамдармен құттықтады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/8-nauryz-merekesimen-tty-tau-828200](https://yvision.kz/kk/post/8-nauryz-merekesimen-tty-tau-828200)