---
title: "8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні!"
description: "Құрметті аналар! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызбен шы..."
author: "inju-jan"
published: "2011-03-11T11:39:30+00:00"
modified: "2011-03-11T11:39:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/8-nauryz-haly-araly-yelder-k-ni-126707"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/8-nauryz-haly-araly-yelder-k-ni-126707/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні!

> Құрметті аналар! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызбен шы...

### Құрметті аналар!

#### Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! 8 наурыз – өмірде болып жатқан тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістерге ұшырамаған ерекше мереке.

Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.

Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі –ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз.

***Аяулы аналар, апайлар!***

***Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз, Қазақстанымыз көркейе берсін!***

***

![8-marta-kaz-8888](http://www.derma.kz/images/stories/8-marta-kaz-8888.jpg)

***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/8-nauryz-haly-araly-yelder-k-ni-126707](https://yvision.kz/kk/post/8-nauryz-haly-araly-yelder-k-ni-126707)