---
title: "7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған Әскери парад өтеді"
description: "Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Наз..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-04-08T23:32:37+00:00"
modified: "2014-04-08T23:32:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/7-mamyrda-astanada-otan-or-aushylar-k-nine-arnal-an-skeri-parad-tedi-408911"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/7-mamyrda-astanada-otan-or-aushylar-k-nine-arnal-an-skeri-parad-tedi-408911/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған Әскери парад өтеді

> Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Наз...

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 19 наурыздағы Отан қорғаушылар күнін мерекелеу жөніндегі № 1362 нұсқауы бойынша Астана қаласында Әскери парад өткізіледі.

Әскери парад 2014 жылғы 7 мамырда Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында өтеді. Парадқа Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Республикалық ұланның парадтық есептоптары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери техникалары мен авиациясы тартылады.

Әскери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 2 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамынан 1500 адам қатысады.

Механикаландырылған колоннадағы әскери техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды (механик-жүргізушілер, экипаждар, десанттар).

Сондай-ақ парадқа 56-ға жуық ұшу аппараттары қатыстырылады.

2014 жылғы 14 сәуірден бастап парад есептоптары мен механикаландырылған колонналардың жаттығулары күн сайын өткізілетін болады.

Іс-шара Қорғаныс министрлігіне қарастырылған 2014 жылғы бюджеттік бағдарламаның ақшалай қаражаты көлемінде қамтамасыз етіледі.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/7-mamyrda-astanada-otan-or-aushylar-k-nine-arnal-an-skeri-parad-tedi-408911](https://yvision.kz/kk/post/7-mamyrda-astanada-otan-or-aushylar-k-nine-arnal-an-skeri-parad-tedi-408911)