---
title: "6-10 шілде аралығындағы ТОП-5 жаңалықтарға шолу"
description: "Соңғы жеті жылдағы ең жарық құйрықты жұлдыз, Қызыл кітапқа енген құстар, медициналық салықтан босату..."
author: "Nocommentskz"
published: "2020-07-12T09:17:45+00:00"
modified: "2020-07-12T09:17:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/6-10-shilde-araly-ynda-y-top-5-zha-aly-tar-a-sholu-861159"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/6-10-shilde-araly-ynda-y-top-5-zha-aly-tar-a-sholu-861159/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 6-10 шілде аралығындағы ТОП-5 жаңалықтарға шолу

> Соңғы жеті жылдағы ең жарық құйрықты жұлдыз, Қызыл кітапқа енген құстар, медициналық салықтан босату...

Соңғы жеті жылдағы ең жарық құйрықты жұлдыз, Қызыл кітапқа енген құстар, медициналық салықтан босату. Және Францияда саяси мансапқа жеткен қазақ қызы кім? Осы аптаның айшықты оқиғалар тізбегіне зер салыңыз.

№1 Жеті жылдағы ең жарық комета

Соңғы жеті жылдағы ең жарық кометаны суретке түсірген фотографтың есімі белгілі болды. 2020 жылдың 27 наурызында анықталған NEOWISE кометасын суретке түсірген алматылық фотограф Дмитрий Доценко болып шықты. Ол соңғы жеті жылдың ішіндегі ең жарық кометаны суретке түсіріп үлгерді. «Сирек болатын астрономиялық құбылысты кадрға түсіру үшін алдын ала дайындалдым», дейді ол. Сурет таңғы 4-те 200-миллиметрлік телеобъективпен түсірілген.

№ 2 Қазақ даласына 4,2 мыңға жуық жек-дуадақ жіберілді

Құстың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Жойылып кету қаупі бар. Сондықан Қазақстан тарапы Жек-дуадақты қорғау халықаралық қорымен бірлесіп оны көбейту жұмыстарын атқарып келеді. Дуадақтар Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәлімбақтарында өсірілген. Құстар Алматы, Маңғыстау, Түркістан мен Қызылорда облысының аумағына жіберілді. Мамандар олардың 50 пайызы тіршілікке бейімделіп кете алады, деп отыр.

№3 800 мың жұмысшы медициналық сақтандыру төлемінен босатылды

Коронавирус пандемиясы байланысты Үкімет шағын және орта бизнестің жұмысшыларын міндетті медициналық сақтандыру төлемінен босатты. Бұл рақымшылықтың игілігін аталған салада еңбектеніп жүрген 800 мыңнан астам жұмысшы көрді. Жеңілдік ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жалғасады.

№4 Ауылға жеткен көмек

Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға көмегін жалғастыруда. Бұл жолы қор шалғай ауылдың тұрғындарына көмектесті. Нақты айтқанда 80 мың қазақстандыққа 50 мың теңге бір реттік әлеуметтік жәрдем берілді. Жалпы, «Біргеміз» қайырымдылық қоры үш айда 550 мың қазақстандыққа жәрдем берді.

№5 Қазақ қызы – Францияда әкім

Қазақ қызының Францияның Крей қаласы мэрінің орынбасары болып тағайындалғаны Осы аптаның үздік жаңалығының бірі болды. Есім Саваш 19 жастан бастап саясатпен айналыса бастаған. Есім Саваш Францияда дүниеге келген, қалалық мэрияда ол мәдениет мәселесі бойынша комиссияға жетекшілік етеді. Мақсаты – мэр немесе депутат болу.

Сонымен, Қазақстанның ақпарат айдынындағы елең еткізген жаңалықтар топтамасы осындай болды. Ұмытпаңыз, біз үздік жаңалықтар топтамасын сіздің қалауыңыз бойынша жасаймыз. Біздің арнаға жазылып, лайк басыңыз және пікір қалдырыңыз. Ең бастысы видеоны достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/6-10-shilde-araly-ynda-y-top-5-zha-aly-tar-a-sholu-861159](https://yvision.kz/kk/post/6-10-shilde-araly-ynda-y-top-5-zha-aly-tar-a-sholu-861159)