---
title: "52 адам қаза болған автобустан түнде дауыстар шығады"
description: "Сурет: instagram.com/askar_aktileu Бүгінде күзетшілердің айтуынша, жанып кеткен автобус ішінен түнд..."
author: "Zhanalyktar"
published: "2018-02-01T05:03:47+00:00"
modified: "2018-02-05T04:51:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/52-adam-aza-bol-an-avtobustan-t-nde-dauystar-shy-ady-794916"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/52-adam-aza-bol-an-avtobustan-t-nde-dauystar-shy-ady-794916/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 52 адам қаза болған автобустан түнде дауыстар шығады

> Сурет: instagram.com/askar_aktileu Бүгінде күзетшілердің айтуынша, жанып кеткен автобус ішінен түнд...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/396183/ebb559cf689fdb4e3a42006269e096.jpg)

Сурет: instagram.com/askar_aktileu

Бүгінде күзетшілердің айтуынша, жанып кеткен автобус ішінен түнде дыбыстар шығады, олар айқайлайды, сөйлейді, жалынады. Автобуста жанып кеткен адамдардың елестері бар екеніне олар сенімді. Дыбыстар түнгі сағат 12, 1, 2-нің кезінде пайда болатын көрінеді.

Адамдар тірідей өртенген автобустың тілсіз жаудан кейін ешнәрсесі қалмаған, терезе, орындық, дөңгелек бәрі жанып кеткен. Көліктің тек қаңқасы ғана тұр.

Ағымдағы жылдың 18-қаңтарында, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында, күндізгі сағат 10:30-да жол үстінде келе жатқан автобус өртеніп, 52 өзбек азаматы тірідей жанып кеткен еді.

Өрттен бес адам тірі қалған, Қазақстанның үш азаматы-жүргізушілер мен Өзбекстанның екі азаматы-жолаушылар. Апаттың орын алуына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған еді.

Ал автобустағы өрттен соң елімізде барлық жолдарда тексеру басталды. Үш жыл бұрын халықаралық деңгейде жолаушылар таситын көлікті бақылау полицейлерге жүктелген еді. Алайда ол тексерістің қандай деңгейде өткенін соңғы оқиға айқындады. Енді олар көлік инспекторларымен бірлесе ақпанның ортасына дейін тас жолдағы бекеттерде күзетте тұратын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/52-adam-aza-bol-an-avtobustan-t-nde-dauystar-shy-ady-794916](https://yvision.kz/kk/post/52-adam-aza-bol-an-avtobustan-t-nde-dauystar-shy-ady-794916)