---
title: "№5 «Таңдау» көпбейінді гимназиясының оқушыларымен кездесу өтті"
description: "Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Департамент қызметкері Д. Каконов Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпбе..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-01-12T03:50:41+00:00"
modified: "2017-01-12T03:50:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/5-ta-dau-k-pbeyindi-gimnaziyasyny-o-ushylarymen-kezdesu-tti-747077"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/5-ta-dau-k-pbeyindi-gimnaziyasyny-o-ushylarymen-kezdesu-tti-747077/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# №5 «Таңдау» көпбейінді гимназиясының оқушыларымен кездесу өтті

> Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Департамент қызметкері Д. Каконов Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпбе...

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Департамент қызметкері Д. Каконов Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпбейінді гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Д. Каконов жиналғандарды Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі аспектілері, «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметі туралы ақпарат берді.

«Мерей» бала бақшасының, сондай-ақ, Көкшетау қаласының №12 орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың не екенін білесіңдер ме?» тақырыбында түсірілген бейнероликтер оқушылардың қызығушылығын туғызды.

Іс-шараға 63 оқушы қатысты

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/123_2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/5-ta-dau-k-pbeyindi-gimnaziyasyny-o-ushylarymen-kezdesu-tti-747077](https://yvision.kz/kk/post/5-ta-dau-k-pbeyindi-gimnaziyasyny-o-ushylarymen-kezdesu-tti-747077)