---
title: "5 минутта демалудың тәсілдері"
description: "1) Жасыл шай ішіңіз: шөп шайдың тамаша рақаттандыратын әсері бар. Жасыл шай ашу-ызадан құтылуға көме..."
author: "Koshbasshilar"
published: "2016-03-15T13:23:03+00:00"
modified: "2016-03-15T13:23:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/5-minutta-demaludy-t-silderi-683768"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/5-minutta-demaludy-t-silderi-683768/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 5 минутта демалудың тәсілдері

> 1) Жасыл шай ішіңіз: шөп шайдың тамаша рақаттандыратын әсері бар. Жасыл шай ашу-ызадан құтылуға көме...

1) Жасыл шай ішіңіз: шөп шайдың тамаша рақаттандыратын әсері бар. Жасыл шай ашу-ызадан құтылуға көмектеседі. Шайды қайнатыңыз, шәйді демдеңіз - бұл тек бірнеше минут алады.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/1Xcmzt0sX5w3Up2sMtRnrEc5H5jgJ9.jpg)

2) Шоколад: бірнеше шоколад бөлігі сізді стресс болдырмауға және көңіл-күй жақсартуға көмектеседі. Бірақ шоколад көп жеугеде болмайды!

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/Zp7E6lnsEY9R0KqIH6Ubk2cuK7xx1k.jpg)

3) Бірнеше қасық бал: сізді депрессиядан және мазасызданудан құтқарады.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/6s1V05PJ5Joe0Qk3oGxQnzdm1NhzW9.jpg)

4) Манго жеңіз: шырынды, хош иісті манго сізді стрестен шығуға көмектеседі.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/cQyPlQaDEmUxb233YuBUIeK6pWuYNQ.jpg)

5) Сағыз шайнаңыз: өзіңізге ұнайтын дәмді сағыз шайнағаныңыз жөн. Бұл стресті жеңудің оңай жолы болып табылады.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/s8UCE5564x4D94r7RLcw3jApgnBHl0.jpg)

6) Тынығып алыңыз: біз кейде мұқтаж болатын жалғыз нәрсе болады – ол жақсы, нормаға сай ұйқы болып табылады.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/qamAvQxVGkg5ivzNR5xdzcN6Z88jJR.jpg)

7) Медитация. Тауға барып немесе теңіздің жағасына барудың қажеті жоқ, жәй ғана өзіңіз тыныш жерді тауып, сол жерде сәл минуттар ғана медитация техникаларын қолдана берсеңіз болады. Медитацияның мақсаты — нирванаға жету, яғни бұл өмірдегі құмарлық пен талпыныстан арылу.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/UWpUQmlrdj3pf05A9CexZpjpTeCBR9.jpg)

8) Тыныс алуды ұмытпаңыз: Баяу, терең тыныс алу төменгі қан қысымы мен жүректің жиырылу жиілігіне көмектеседі.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/XcS1h9gjVM5Rhueno0vS190SVj2Cjk.jpg)

9) Санау: иә, бұл әдіс барлық адамзатқа белгілі және бұл шын мәнінде көмектеседі. Бірнеше рет өсу және кему реттерімен санап көріңіз. Бұл сіздің миыңызға пайдалы.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/YhMETAqOv3lYNjvBVHQd6H0S3H6SH1.jpg)

10) Көзіңізді жұмыңыз: Егер сіз көзіңізді жұма алсаңыз, онда бәрі дұрыс. Бұл сабырлықты қалпына келтірудің қарапайым түрі болып табылады.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/1IDdCfA8m4u3rziiz0zPJQCV49SuC8.jpg)

11) Қолыңызға массаж жасаңыз: сіз күнделікті арнайы массажисттерге бара алмайтын болсаңыз, өзіңіздің қолдарыңызға массаж жасауға шамаңыз жетеді. Әсіресе бұл пернетақтамен ұзақ уақыт жұмыс жасайтындарға пайдалы. Егер уақытыңыз жетіп жатса: мойыныңызға, иықтарыңызға тіпті арқаңызға массаж жасауда пайдалы.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/AH0RI14ukDh5pPkbs7yRA4Okl34HGJ.jpg)

12) Акупрессураны қолданыңыз: Акупрессура – бұл нүктелік массаж, ежелгі қытай медицинасында пайда болған. Бұл әдіс оңай, қол жетімді және қауіпсіз.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/dS43ZFJRqb5sxzF8Kj8OJQeU4sJLIl.jpg)

13) Теннис добымен(кез келген доп жарайды) аяғыңызға массаж жасау: кез келген кішкентай допты басу(міну) арқылы аяғыңызға керемет массаж жасауға болады. Әсіресе биік өкшелі аяқ киім киетіндерге өте пайдалы.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/D5a1785wRs1mR8TniDxi1kOLB04Ooo.jpg)

14) Суық су қабылдаңыз: суық су сізді сабырлыққа шақыруға көмек береді.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/jql9Y628OZkbmY8zc6dKU6qFMpX20W.jpg)

15) Жалғыз болып көріңіз: не бәрі бес минут жалғыз болу сіздің ойларыңызды жинақтауға және артық ойлардан арылуға көмектеседі.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/DAUI4tz3ur8Raj98F03cngQ1GYp69t.jpg)

16) Терезеге қараңыз: Егер сіз әдетте теледидар немесе монитордан бас алмайтын болсаңыз, сізге бұл әдіс өте пайдалы. Сіз бұл арқылы өзіңіздің ойыңызды тазартуға болады.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/KEec50rtlROfPJiq4A3E9vq7P5XEuG.jpg)

17) Күнделікті тәртіп орнату: Сізді күндегі күйбелең тәртіпсіздік мезі етсе, жәй ғана артық істерді ысырып, уақытыңызды бөлгенде пайдалы. Сіз бұл әдіс арқылы өзіңіздің өміріңізге тәртіп орнатасыз.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/7qfCAaNi2iybmj6TDophaS52a4UwC9.jpg)

18) Созылу: спорт залға немесе арнайы жаттығу жасайтын орындарға бармай-ақ, үйіңізде отырып жаттығу(созылу жаттығулары) жасауда пайдалы. Жоғары және төмен, оңға және солға баяу, ұзақ тартыңыз және әр түрлі қарапайым жаттығулар жасаған жөн. Бұның бәрі дененің дұрыс қалыптасуына алып келеді.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/rA3DsL3hW7VrbuffR8Ivv9oF86tfEq.jpg)

19) Йога: көбісі бұл әдісті қиын және шулы қалаға келмейді дейді, бірақ бұл қате жауап. Сіз бұл әдіс арқылы денеңізге оңай бақылау жасай аласыз.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/VVObGz5PnL3QCVT1v9kXB8mN5NVc0k.jpg)

20) Орнында жүгіру: бірнеше минут бір орында тұрып жүгіріп көріңіз, бл сіздің қандарыңыздың қозғалуына көмек береді.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/yxhxBJSB02bcnoFU2jAhNDpsRgQPIE.jpg)

21) Сүйікті әніңізді тыңдаңыз: бұл әдіс сізді жинақтауға, көңіл-күйіңізді көтеруге, демалуға көмектеседі.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/Fx4961q477fT889PmfY4aV6D8VqdPV.jpg)

22) Би: бірнеше минут өзіңізге ұнайтын әнге билеу де пайдалы болып табылады.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/2ePN7pC9RV2JNYVBPEWq1l9mXA5U40.jpg)

23) Иіс сезу: бұл небәрі бір минут алады, хош иісті жеміс және шай т.б. иістерін сезу пайдалы. Бұл сізді стрестен, мазасызданудан алып шығуға және мұрын жасушаларын жұмыс істеуге көмектеседі.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/Di60Cwn5Fn4J61ZYfSB9UsNBzib8T5.jpg)

24) Кофе иісі: кофе иісі сізге жақсы көңіл-күй сыйлайды және ми жасушаларын оятады.

![5 минутта демалудың тәсілдері](https://storage.yvision.kz/images/user/koshbasshilar/yUOCkbaw0z4TbfXuuJNEklvGux83Pc.jpg)

*"Көшбасшылар" клубының мүшесі,**10-шы сынып оқушысы Жанәлі Данияр*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/5-minutta-demaludy-t-silderi-683768](https://yvision.kz/kk/post/5-minutta-demaludy-t-silderi-683768)