---
title: "«5 институционалдық реформа — 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным»"
description: "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 23 маусым - Мемлекетт..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-06-28T05:17:58+00:00"
modified: "2016-06-28T05:17:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/5-institucionaldy-reforma-100-na-ty-adam-memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-699893"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/5-institucionaldy-reforma-100-na-ty-adam-memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-699893/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «5 институционалдық реформа — 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным»

> Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 23 маусым - Мемлекетт...

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілгені белгілі.

Аталған мерекені атап өтудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік аппараттың жұмысының негізгі мақсаты халыққа қызмет ету екендігін және мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуды қоғамға жеткізу болып табылады.

Осы мерекеге байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 2016 жылдың 23 маусымында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай **«5 институционалдық реформа - 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным»** атты облыстық конференция және мерекелік салтанатты жиын өткізілді.

Аталған шараға облыс әкімі А.С.Көлгінов, облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшылары, персоналды басқару қызметі басшылары, өзге де мемлекеттік қызметкерлер және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Конференция жұмысын ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С. Нұртазин бастап жүргізді.

Мереке аясында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде Ант қабылдады. Мемлекеттік қызметтегі мінсіз, адал қызметі үшін еңбегімен ерекшеленген облыстық, аудандық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері ,сондай-ақ ,мемлекеттік қызмет ардагерлері ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің құрмет грамотасымен, облыс әкімінің және Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/5-institucionaldy-reforma-100-na-ty-adam-memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-699893](https://yvision.kz/kk/post/5-institucionaldy-reforma-100-na-ty-adam-memlekettik-yzmet-mirlik-stanym-699893)