---
title: "48 жолаушысы бар «Мақаншы-Алматы» бағытындағы автобус аударылған"
description: "Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 7 адам Үржа..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-10T07:00:34+00:00"
modified: "2015-08-10T07:00:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/48-zholaushysy-bar-ma-anshy-almaty-ba-ytynda-y-avtobus-audaryl-an-528433"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/48-zholaushysy-bar-ma-anshy-almaty-ba-ytynda-y-avtobus-audaryl-an-528433/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 48 жолаушысы бар «Мақаншы-Алматы» бағытындағы автобус аударылған

> Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 7 адам Үржа...

![48 жолаушысы бар «Мақаншы-Алматы» бағытындағы автобус аударылған](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/QYLKuN960m0NAG8Gt1N4o86CQ1P27S.png)

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 7 адам Үржар аудандық ауруханасына жатқызылған. Олардың арасында 4 пен 8 жастағы 2 бала бар. 5 жолаушы бас-сүйек жарақатын, 2-уі түрлі сынық жарақатын алған. Қалған жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, келесі келген автобусқа отырғызылды. Құрбан болғандар жоқ»,- делінген хабарламада. Қазір жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/48-zholaushysy-bar-ma-anshy-almaty-ba-ytynda-y-avtobus-audaryl-an-528433](https://yvision.kz/kk/post/48-zholaushysy-bar-ma-anshy-almaty-ba-ytynda-y-avtobus-audaryl-an-528433)